«Астана-РЭК» АҚ елорданың сол жағалауындағы апат себебін түсіндірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана-РЭК» АҚ «Сол жағалау» қосалқы стансасы қызмет көрсететін аумақтардың біріндегі жарықтың өшуін және апат себептерін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана-РЭК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 қаңтар күні сағат 20:58-де «Сол жағалау» стансасының 407 нөмірлі 10 кВ ұяшығы апаттық жағдайда өшірілген. Салдарынан Сығанақ, Түркістан және Алматы көшелеріндегі 6 тұрғын үйде жарық өшкен. Тұрғын үй кешендерінің қажеттілігін (жылыту, сумен қамту, лифт жұмысы) өтеу үшін жедел бригада бір сағатта дизель генераторларын орнатты. Есіл АЭЖ жедел-жөндеу бригадаларының, кабельдік желілер қызметінің, сынақ және диагностика қызметінің күшімен (19 адам) электр берудің кабельдік желісі қалпына келтірілді.

31 қаңтар күні сағат 2:17-де аталған 6 тұрғын үйдегі электрмен жабдықтау толық қалпына келтірілді.

Апат себебі: кабель арнасын ашу кезінде ондағы оқшаулау қабатының тесілгені анықталды, ақаулы бөлік екі муфтаны орнату арқылы ауыстырылды. Желіні толық қалпына келтірген соң, резервтік кабельдік желіде жөндеу жұмыстары жүргізіледі, бұл тұрғын үй кешендерінің екінші электрмен жабдықталуын қамтамасыз етеді.

«Астана-АЭК» АҚ бас инженері Руслан Әбжановтың айтуынша, тұрғын үй кешендерін салушылар құрылыстан кейін желілерді жергілікті атқарушы органдардың балансына бермеген, бұл желілер «Астана-АЭК» АҚ балансына беру үшін рәсімдеу сатысында тұр. Сонымен бірге, бұл кабельдік желілердің оқшаулағышына ішінара зақым келген, бұл тұрғындарды қалыпты электрмен жабдықтауды қиындатады. Қазіргі уақытта резервтік желіде де кабельдің зақымдануы табылып, жөнделіп жатыр.

Еске сала кетсек, 2019 жылы 9 қарашадан 10 қарашаға қараған түні сағат 02.04-те елордадағы «Левобережная» 110/10 кВ шағын стансасының 10 кВ кабель каналында өрт шығып, кабель желісі зақымданған еді. Соның салдарынан қаланың сол жағалауындағы кейбір тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттар жарықсыз қалды . Олардың қатарында Ақорда, Парламент Сенаты, Мәжіліс, Министрліктер Үйі, Үкімет Үйі, Жоғарғы Сот, «Уют», «Краун Плаза», «Тұмар» (2 үй), «Арт Хаус», «Вива плаза», «Алатау», «На водном зеленом бульваре», «Бәйтерек» монументі, «Изумрудный квартал» бизнес орталығы, «Керуен», Ұлттық кітапхана мен Ұлттық мұрағат ғимараттары бар.


Соңғы жаңалықтар