Astana Qazaqstan Team велокомандасы «Испания Вуэльтасы» алдында жаңа формасын таныстырды
2022 жылғы 18 тамыз 09:50

Astana Qazaqstan Team велокомандасы «Испания Вуэльтасы» алдында жаңа формасын таныстырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Astana Qazaqstan Team велокомандасы «Испания Вуэльтасы» көпкүндік жарысының алдында жанкүйерлеріне жаңа формасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жаңа түс, жаңа түр... Біз «Вуэльтаға» зор амбициямен және басымызды тік көтеріп бара жатырмыз! Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар!» - деді жаңа форма киген команда жанкүйерлерге арнаған бейнеүндеуінде.

Astana Qazaqstan Team командасы 19 тамыз бен 11 қыркүйек аралығында өтетін «Испания Вуэльтасы» 2022 жылғы маусымның үшінші және қорытынды гранд-турында өнер көрсетуге дайындалып жатыр.

Команда құрамы: Мигель Анхель Лопес (Колумбия), Алексей Луценко (Қазақстан), Винченцо Нибали (Италия), Давид Де Ла Крус (Испания), Самуэле Баттистелла (Италия), Вадим Пронский (Қазақстан), Харольд Техада (Колумбия), Евгений Федоров (Қазақстан).


Кадр из видео/instagram.com/astanaqazaqstanteam

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT