Астана процесінің өткен раунды қауіпсіздік мәселелеріне арналды - сарапшы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бітімгерлік - заманауи Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі саналады, оның көмегімен мемлекет халықаралық шиеленісті жағдайларды реттеуге белсенді қатысып жатыр, деп атап өтті ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Қымбат Нұрғалиева. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі хабарлады. 

Оның пікірінше, Қазақстан үшін Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі келіссөздер жүргізу ерекше маңызға ие.

«Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана алаңындағы Сирия жайлы келіссөздерде Түркия мен Ресей көшбасшыларының бастамаларын белсенді қолдады. Сирия шиеленісін реттеу бойынша дәстүрлі Женевамен қатар ҚР астанасын диалогтік алаң ретінде таңдау - жаһандық бітімгерлік процестердегі беделді қатысушы ретінде осы мемлекетті мойындағандығын білдіреді», - деп атап өтті сарапшы.

Нұрғалиева атап өткендей, Сирия бойынша келіссөздердің алты раундын Қазақстан астанасында өткізу оң нәтижемен сипатталады.

«Астана процесінде Сирия мемлекетінің қарулы оппозициясы мен үкімет делегациясының бір үстелде бас қосуының өзі басты жетістіктердің бірі саналады. Соның нәтижесінде қауіпсіздік аймағын құру туралы меморандумға қол қойылды. Ол, өз кезегінде, елдегі зорлық-зомбылық деңгейін азайтып, жағдайды тұрақтандыруға ықпал етті», - деп мәлімдеді ол.

«Астана кездесуі аясында Сирия дағдарысы бойынша пікірталас Женева платформасындағы саяси диалогқа қосымша күш беретінін атап өту керек. Бұдан бөлек, Сирия дағдарысын бейбіт жолмен реттеудегі Қазақстанның қосқан үлесі елдің халықаралық аренадағы позициясын нығайтады. Айта кету керек, Астананың диалогтік алаңы үлкен әлеуетке ие, ол 2017 жылдың қазанына жоспарланған Сирия бойынша алдағы кездесулер аясында жүзеге асырылатын болады», - деп қорытындылады Қымбат Нұрғалиева.

Соңғы жаңалықтар