+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

Астана процесінің кепілгер елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтуде

2018 жылғы 16 наурыз 12:33
Бөлісіңіз:
Астана процесінің кепілгер елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Сириядағы ахуалды реттеу жөніндегі Астана процесінің кепілгер елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қабылдаушы тарап атынан ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сөз сөйледі. Ол Астана процесінің басталғанына тура бір жыл толғанын атап өтіп, осы аралықта жұмысына қорытынды шығарды.

«Өздеріңізде білесіздер, бір жыл бұрын Ресей мен Түркия мемлекет басшылары ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сириялық үкімет пен қарулы оппозициялық топтар өкілдері арасында бейбіт келіссөздер жүргізуді ұсынған болатын. Соғыстың жалғыз баламасы бейбітшілік, бейбітшілікке апарар жалғыз жол келіссөздер екендігіне нық сенімді болған Қазақстан келісіп, Астананы БҰҰ қамқорлығымен Женевада өтетін сирияаралық келіссөздерді қолдайтын тұғырнама ретінде ұсынды. Бейбітшілікке қол жеткізу жолында белгілі бір кедергілер бар. Бірақ, Астанада өткен келіссөздердің 8 раунды келіссөздер процесіндегі тұйыққа тірелген ахуалды жоюға мүмкіндік берді. 2017 жылдың қаңтарында басталған бұл бастама жанжалдасушы тараптарды осы жерде алғаш рет келіссөздер үстеліне отырғызуға сеп болды», - деді ол.

Қайрат Әбдірахманов дәл осы алаңда сириялық үкімет пен қарулы оппозиция арасындағы сенім шараларын нығайтуға алғашқы қадам жасалғанын баса айтты.

«Осы келіссөздер басталған сәттен бері 4 деэскалация аймағы және соғысты тоқтату режіміне мониторинг жасау механизмі жасалды. Олар үлкен гуманитарлық көмек беруге жәрдемін тигізді. Астана процесінің осы және өзге де жетістіктері ескерусіз қалмайды. Сонымен қатар бұл процесс соңында әскери іс-қимылды тоқтатуға әкелетін қажетті шараларды құруға да ықпал етті», - деді министр.

Оның айтуынша, қиындықтарға қарамастан Астана процесі өзінің тұғырнама ретіндегі тиімділігін және өзектілігін көрсетті. Онда жанжалдасушы барлық тараптар өз көзқарастарын білдіре алады және ең бастысы келіссөздер жүргізіп, нақты қадамдарды талқылайды. Мұнан бөлек, министр Астанада қол жеткізілген кез келген келісім Женева процесін толықтара түсетіндігін және сириялық жанжалды саяси реттеуге оң серпін беретіндігін баса айтты.

Сонымен қатар ол Астанада алғаш рет өтіп жатқан Иран, Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлерінің кездесуі таяу болашақтағы үшжақты өзара іс-қимылды айқындауға мүмкіндік беретігін атап өтті.

«Біз тұтындарды босату, қаза тапқандардың мүрдесін беру және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жөніндегі жұмыс тобының кездесуіне де үлкен мән береміз. Аталған топтың жұмысы барлық жанжалдасушы тараптардың арасындағы сенімді нығайтатындығына сенімдіміз. Бұл бағыттағы қызметімізді дамыту үшін айтарлықтай серпін беретін болады», - деді Қайрат Әбдірахманов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT