Астана процесінің кепілгер елдері бірлескен мәлімдеме қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана процесінің кепілгер елдері Иран, Ресей және Түркия 14-раунд қорытындысында бірлескен мәлімдеме қабылдады. Мәлімдемені ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иран, Ресей және Түркия Астана процесінің кепілгері ретінде Сирия Араб Республикасының егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын, сонымен қатар БҰҰ мақсаттары мен ұстанымдарын бұлжымастан мойындайтындығын қуаттады. Бұл ұстанымдар жалпы ортақ сақталуы және құрметтеулі тиістігін атап өтті. Осыған орай олар терроризммен күресті желеу етіп, заңсыз дербес басқару бастамасын қоса алғанда Сирия жерінде жаңа реалия құруға барлық ұмтылыстарды жоққа шығарды және Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған, көрші елдердің қауіпсіздігіне қатер төндіретін сепаратистік жоспарларға қарсы тұруда табандылық танытатындықтарын білдірді», - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар кепілгер елдер мұнайдың және оны сатудан түскен кірістің Сирия Үкіметіне тиесілі болуы қажеттігіне баса назар аударған. Израиль тарапынан қарулы шабуылдың жалғасып отырғандығын айыптайды. Бұл халықаралық құқық пен халықаралық гуманитарлық құқыққа қайшы келеді және Сирия мен көршілес елдердің егемендігіне нұқсан келтіріп, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікке қатер төндіретіндігін атап өтеді.

«Сирияның солтүстік-шығысындағы ахуалды талқылап, бұл ауданда ұзақмерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау негізінде ғана мүмкін екендігіне келісті. Осыған орай 2019 жылдың 22 қаңтарында САР-дың солтүстік-шығысын тұрақтандыру бойынша меморандумға қол қойылуына қолдау білдіріп, 1998 жылғы Адан келісімінің маңыздылығын растады», - деп атап өтеді кепілгер елдер.

Соңғы жаңалықтар