Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.01 EUR 420.88
RUB 5.84 CNY 54.64
Jańalyqtar

Астана процесінің келесі отырысы шілдеде өтеді

2019 жылғы 26 сәуір 19:21 645
Бөлісіңіз:
Астана процесінің келесі отырысы шілдеде өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сирия бойынша Астана процесінің келесі отырысы осы жылдың шілде айында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық делегация ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты Бейбіт Атамқұлов Бішкекте ШЫҰ сыртқы істер министрлері кеңесіне қатысты

«Кепілгер елдер Сирия бойынша Астана форматындағы Халықаралық кездесудің келесі отырысын 2019 жылдың шілде айында Нұр-Сұлтанда өткізуді шешті», - деді ҚР Сыртқы істер бірінші вице-министрі Мұхтар Тілеуберді елордадағы Астана процесінде кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесін оқи отырып.

Еске сала кетсек, бүгін елордада бүгін Сирия бойынша Астана процесінің 12-ші раунды аяқталды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша кепілгер елдер - Иран, Ресей мен Түркия бірлескен мәлімдеме жасады. Кепілгер елдер Сирияға гуманитарлық көмекті арттыруға шақырып отыр.

Сонымен бірге, кепілгер елдер Сирия аумағындағы террористік ұйымдардың топтарын түпкілікті жоюда серіктестіктің жалғаса беретінін жариялады.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT