USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Астана процесіне қатысушылардың екіжақты кездесулері өтуде

2017 жылғы 5 шілде 11:28
Бөлісіңіз:
Астана процесіне қатысушылардың екіжақты кездесулері өтуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана процесіне қатысушылардың екіжақты кездесулері өтуде. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ануар Жайнақов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келіссөздер басталды. Қазіргі уақытта келіссөздерге қатысушылардың арасында екіжақты кездесулер өтіп жатыр. Негізгі мәселе - деэскалация аймағының шекарасын анықтау. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кездесудің жалпы отырысы сағат 16:00-ге белгіленіп отыр», - деді Ануар Жайнақов БАҚ өкілдеріне.

Айта кетейік, кеше Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген еліміздің Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астана процесінің күн тәртібі жайындағы деректермен бөліскен болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT