+7 (701) 759 90 19
USD 376.77 EUR 408.46
RUB 5.95 CNY 53.98
Jańalyqtar

Астана процесі: Тараптар Сириядағы оқ атуды тоқтатуға уағдаласты

2019 жылғы 2 тамыз 20:23
Бөлісіңіз:
Астана процесі: Тараптар Сириядағы оқ атуды тоқтатуға уағдаласты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сирия дағдарысы бойынша Астана процесінің 13-ші кездесуінде Сириядағы оқ атуды тоқтату туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл туралы сириялық оппозиция делегациясының жетекшісі Ахмад әл-Тоума мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сирияда 5 миллион бала босқынға айналды - БҰҰ Астана процесінің 15-раунды 2020 жылдың наурызында өтеді Астана процесінің кепілгер елдері бірлескен мәлімдеме қабылдады

«Біз мұнда өте маңызды міндетпен - Сириядағы атылған оқты, күнделікті жасалып жатқан қылмысты тоқтату үшін келдік. Сонымен бірге, Идлибтегі бауырларымыздың бейнетін тоқтатқымыз келеді. Қарқынды келіссөздерден соң оқ атуды тоқтату бойынша келісімге қол жеткіздік. Бұл уағдаластық ғасырдың ең басты қылмысын тоқтатуды және кепіл мемлекеттер тарапынан бұл келісімді орындау міндеттемесін қарастырады», - деді Ахмад әл-Тоума елордада Астана процесінің қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, сириялық оппозиция келісім режимін сақтауды талап етеді және Сирияның бейбіт тұрғындары мен өмірлік маңызды нысандарына шабуыл жасамауға шақырды.

«Сирияның демократиялық дәуірге ауысуына мүмкіндік беретін саяси шешімінен әділдік табу үшін Астана алаңын қолданып отырмыз. Екі күн бойы сұрақтардың басым бөлігі осы кінәмшіл мәселенің айналасында болды», - деп атап өтті ол.

Сонымен бірге, Ахмад әл-Тоума Сирияның конституциялық комитетінің құрылуы туралы айтып берді.

«Бұл мәселе БҰҰ қамқорлығымен оңынан шешіліп келе жатыр. Жақын арада БҰҰ бұл комитеттің құрылғанын жариялайды деп үміттенемін. Конституциялық комитет Сирия жағдайын шешудегі маңызды қадам болады деп күтіп жүрміз», - деді ол.

Айта кетейік, Сирия үкіметі делегациясының басшысы Башар Джафари Астана процесінің 13-кездесуінің қорытынды мәлімдемесін жоғары бағалаған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT