+7 (701) 759 90 19
USD 386.44 EUR 428.37
RUB 6.06 CNY 54.93
Jańalyqtar

Астана процесі: Кепілгер елдер ДАИШ топтарын түпкілікті жоюда серіктестікті жалғастырмақ

2019 жылғы 26 сәуір 19:14
Бөлісіңіз:
Астана процесі: Кепілгер елдер ДАИШ топтарын түпкілікті жоюда серіктестікті жалғастырмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сирия мәселесі бойынша Астана процесіндегі кепілгер елдер - Иран, Ресей мен Түркия мемлекеттері Сирия аумағындағы терористік топтарды түпкілікті жою ісін жалғастырмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кепілгер елдер Идлиб аумағындағы деэскалация жағдайын егжей-тегжейлі қарастырды. Сонымен бірге 2018 жылдың 17 қыркүйегіндегі Меморандумды орындау бойынша жасалған қадамдарды құптай отырып, Идлибтегі жағдайды тұрақтандыруға қатысты келісімді толық орындауға дайын екендіктерін растады. Оның ішінде ирандық-ресейлік-түркиялық үйлестіру орталығының бірлескен тиімді қызметі мен патрулінің жұмысын үйлестіру мақұлданды», - деді ҚР Сыртқы істер бірінші вице-министрі Мұхтар Тілеуберді елордадағы Астана процесінде кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесін оқи отырып.

Оның айтуынша, Иран, Ресей мен Түркия мемлекеттері «Хейат Тахрир аш-Шам» террористік ұйымының аумақтағы бақылауды күшейту әрекетіне алаңдаушылық білдіруде.

«ДАИШ-ты, «Джабхат ан-Нусра» мен өзге де топтарды, Әл-Каида мен ДАИШ-қа қатысты барлық ұйымдарды түпкілікті жою бағытында серіктестік жалғасады. Ол ұйымдардың барлығын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік ұйым ретінде мойындаған. Сонымен бірге, Идлиб аумағында бұзушылықтарды төмендету бойынша нақты шараларды қабылдау келісілді», - дейді Мұхтар Тілеуберді.

Еске сала кетсек, бүгін елордада бүгін Сирия бойынша Астана процесінің 12-ші раунды аяқталды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша кепілгер елдер - Иран, Ресей мен Түркия бірлескен мәлімдеме жасады. Кепілгер елдер Сирияға гуманитарлық көмекті арттыруға шақырып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT