Астана процесі: Кепілгер елдер бірлескен мәлімдеме жасады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Сирия келіссөзі бойынша Астана процесінің 19-кездесуі өтті. Келіссөз қорытындысына орай кепілгер елдердің бірлескен мәлімдемесін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Әділ Тұрсынов жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірінші - 2022 жылғы 19 шілдеде Тегеранда өткен Астана процесінің кепілгер елдерінің үшжақты саммиті аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды басшылыққа ала отырып, әлемдегі және өңірдегі ахуалды дамытуды қарастырып, Сирия дағдарысын орнықты реттеуді ілгерілетуде Астана процесінің жетекші рөлін атап өтті. Екінші - Сирия Араб Республикасының егемендігіне, тәуелсіздігіне, бірлігі мен аумақтық тұтастығына, сондай-ақ БҰҰ жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына өзінің өзгеріссіз берілгендігін растады және бұл қағидаттардың жалпыға бірдей сақталуы мен құрметтелуіне жататынын атап өтті», - делінген Әділ Тұрсынов жариялаған бірлескен мәлімдемеде.

Үшіншіден, оның атап өтуінше, тараптар терроризмге қарсы күрестің барлық нысандары мен көріністерінде өзара іс-қимылды жалғастыруға және Сирияның егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіруге бағытталған әрі көрші елдердің ұлттық қауіпсіздігіне, оның ішінде трансшекаралық шабуылдар мен инфильтрацияға қауіп төндіретін сепаратистік жоспарларға қарсы тұруға бел буатынын атап өткен.

«Төртінші - Идлиб деэскалация аймағындағы жағдай егжей-тегжейлі қарастырылды. Гуманитарлық ахуалды қоса алғанда, Идлиб деэскалация аймағындағы және оның айналасындағы жағдайды тұрақты қалыпқа келтіруді қамтамасыз ету үшін одан әрі күш салуға келісті. Идлиб туралы бүкіл келісімді толық орындау арқылы «жерде» тыныштықты сақтау қажеттігін атап өтті», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар