«Астана Про Тим» шабандозы халықаралық турнирде үшінші келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық «Астана Про Тим» командасының шабандозы Александр Власов «Окситания турында» ерекше өнер көрсетті. Ресей чемпионы атанған «Астана Про Тим» шабандозы «Тур де Франстың» қазіргі жеңімпазы Эган Берналь мен Павел Сиваковты алға оздырып, мәрені үшінші қиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл өте маңызды, сонымен қатар өте күрделі кезең болды. Біз соңғы өрді өте жылдам басып өттік. Ineos командасы жылдамдықты барынша үдеткендіктен, оларға ілесу оңайға түскен жоқ. Бірақ қарқынды жүрістен жаңылмадық. Олардың ізінен шамам жеткенше қалмауға барымды салдым. Жалпы менің командамдағы жолдастарым бүгін маған үлкен көмек көрсетті. Бұл карантиннен кейінгі алғашқы сайысым. Бүгінгі жетістігім мен үздік үштікке ілінгенім үшін қуаныштымын», - дейді Александр Власов.

Окситания турының үшінші кезеңінің бағдары күрделілігі бірінші санаттағы үш бірдей өрлеуден тұрады. Сент-Годенадан басталған жарыс Коль де Бейред шыңынды түйінделді. Сайыстың алғашқы шақырымында-ақ шабандоздардың арасы едәуір ажырап, колумбиялық шабандоз Харольд Техада осы топта «Астана Про Тим» командасын жеңіске жетеледі. Техада сайыста көпке есе жібермей, күн бойы белсенділік танытты.

«Менің бүгінгі жоспарым – озу болатын. Керекті топқа тап болдым. Күнім сәтті өткен секілді. Қара үзіп кету жоспары бойынша барымды салдым. Алдағы күндерде, апталарда өз өнерімді шыңдай түссем деймін», - дейді Харольд Техада.

Жарыстың шешуші кезеңі шыңға бірнеше шақырым қалған кезде қыза түсті. Топтан Эган Берналь, Павел Сиваков, Александр Власов пен Тибо Пино озып шыққан еді. Ақыры қосарлай жасалған шабуылдың арқасында Берналь бірінші болып келіп, жалпы есептің жаңа көшбасшысы атанды. Ал Власов үшінші болып келді.

Окситания турының төртінші кезеңі ертең өтеді: шабандоздарды қысқа да тік өрлерден тұратын 195 шақырымдық күрделі сайыс күтіп тұр.


Соңғы жаңалықтар