Астана полициясы түнгі клубтар мен барларды кенеттен тексерді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәртіп сақшылары бес мекемеде рейд өткізді. Тексеру нәтижесінде еңбек шарттарының жасалмауы, көші-қон заңнамасының сақталмауы секілді деректер анықталды, деп хабарлайды 24.kz.

«Полиция қызметкерлері 12 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады. Соның ішінде көші-қон заңы талаптарының сақталмауы да бар, ол бойынша процессуальдық шешім қабылданады. 14 медициналық кітапша алынды. Олар бойынша тексеру жүргізіліп, сараптама жасалады», - деді елордалық ІІД ресми өкілі Софья Колышбекова.

Жыл басынан бері азаматтардан қаладағы ойын-сауық мекемелеріне қатысты 6,5 мың шағым түскен. Олардың ең бастысы - айғай-шудың қатты болуы. Бұл бойынша 700-ден астам шағым бар. 300 шағым дене жарақатын салуға қатысты жасалған, ал 50 адам тонау бойынша арызданған. Бұл тек полицияға шағым бергендерге қатысты факті.

Полицейлердің мәлімдеуінше, кенеттен тексеру жалғаса бермек. ІІД-нің мәліметінше, қылмыс деңгейі қалада аз да болса да төмендеген.

 

Соңғы жаңалықтар