Астана полициясы әкімшілік бұзушылық үшін 7 млрд теңге айыппұл салған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана полициясы жыл басынан әкімшілік құқық бұзушылық үшін тұрғындарға 7 млрд теңге айыппұл салды, оның 5 млрд теңгесі өндіріліп алынды. Бұл туралы елорда полиция департаментінің басшысы Марат Төлебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қорғау» мобильдік қосымшасы іске қосылғалы жалған көлік нөмірін пайдаланған – 84, жүргізуші кәулігі жоқ – 395 және көлікті басқару құқығынан айырылған 169 жүргізуші анықталды. 681 көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Одан бөлек, 50 мыңнан астам жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 656 млн теңге сома көлеміндегі берешегі туралы хабарланды», - деді Марат Төлебаев Астана қаласы мәслихатының отырысында.

Полиция департаменті басшысының айтуынша, абаттандыру ережелерін бұзған 13 259 азаматқа 42,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

«Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша 477 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы жыл басынан бері 760 840-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Нәтижесінде 7 млрд теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 5 млрд теңгесі өндірілді», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар