Астана полициясы 8 жасар қызға неліктен айыппұл салынғанын түсіндірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаменті автотұрақ ақысын төлемегені үшін 8 жасар қызға айыппұл тағайындалуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2018 жылдың 20 маусымында алматылық 8 жасар қызға айыппұл тағайындалу фактісіне қатысты Астана ІІД Әкімшілік полиция басқармасы түсініктеме береді. Әкімшілік құқықбұзушылықтарды тіркегенде стационарлық сертификатталған құрылғылар автоматты түрде автокөлік иесінің барлық мәліметтерін көлік құралдарын тіркеу дерекқорындағы жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша белгілейді. Бқл факті соған байланысты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ІІД-нің түсіндіруінше, дәл осы дерекқорында қате ЖСН көрсетілген. «Toyota camry» маркалы көлігін тіркеу картасында 8 жасар қыздың ЖСН-ы жазылған. 

Қазіргі уақытта нұсқамаға сәйкес түзетулер енгізілді және айыппұл көлік иесіне салынды.

Бұған дейін Алматы қаласының тұрғыны кішкентай қызының атына көлік тұрағындағы заңбұзушылық үшін айыппұл қағазы келгенін хабарлаған еді. Ер адам техникалық себептерге байланысты айыппұлды жою мүмкін еместігін айтып, шағымданған.

Соңғы жаңалықтар