Астана полицейлері 40 млн теңге бопсалаған күдіктілерді ұстады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полицейлері 40 млн теңге ақша қаражатын бопсалаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Елорданың Полиция департаментіне 31 жастағы қала тұрғыны бопсалау фактісі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компаниясының атқарушы директоры қорқыту арқылы және интимдік жазбаларды таратамыз деп одан 40 млн теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Бұл ретте күдіктілер 15 млн теңгеден астам қаражатты иемденіп алған, қалған соманы бопсалауды жалғастырған.

Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екеуін ақша қаражатын беру барысында қылмыс үстінде ұстады, олардан 2 млн теңге көлемінде қаражаты тәркіленді. Аталған факті бойынша аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін ҚР ҚК-нің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Фото: polisia.kz




Соңғы жаңалықтар