«Астана» плей-оффқа өтсе кіммен кездеседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Швейцарияның Ньон қаласында Еуропа Чемпиондар лигасына іріктеудің плей-офф раундына жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтеме жасап.

Жеребе қорытындыларына орай, егер «Астана» плей-офф кезеңіне жолдаманы жеңіп алса, Швейцарияның «Янг Бойз» клубымен ойнайды. Плей-оффтың алғашқы ойындары 21-22 тамыз күндері, қарымта кездесулер 28-29 тамызда өтеді.

Еске сала кетейік, «Астана» Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Загребтің «Динамосымен» күш сынасады.

Соңғы жаңалықтар