«Астана-Петропавл» трассасында қарағандылық байкер жол апатынан мерт болды

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы аумағында «Астана-Петропавл» жолында қарағандылық байкер жол апатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты қыркүйектің 22-де сағат 18:45 шамасында болған.

«Астана – Петропавл» автожолында «БМВ S1000RR» спорттық мотоциклінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қисық жолақты брусқа соғылған.

«Салдарынан 41 жастағы байкер оқиға орнында көз жұмды. Мерт болған адам Қарағанды қаласының тұрғыны екені анықталды. Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді, тиісті сараптамалар тағайындалды», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, «Астана-Петропавл» трассасында жол апатынан 29 жастағы жүргізуші көз жұмғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар