Астана - Петропавл тас жолында бұланның кесірінен екі жол-көлік оқиғасы болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жабайы аңның республикалық тас жолға шығуына байланысты бірден екі жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рolisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 7:00 шамасында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Полицейлер анықтағандай, бұлан республикалық Астана - Петропавл тас жолына шығып кеткен. Жабайы аңның кесірінен бірден екі автокөлікке механикалық зақым келді. Ал, олардың бірінің жүргізушісі түрлі жарақатпен емдеу мекемесіне жатқызылды.

Қазіргі уақытта Бурабай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.






Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар