Астана-Павлодар жолында жүк көлігі өртеніп кетті

None
None
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Шідерті кентіне жақын маңда «Астана-Павлодар» жолының 105 шақырымында битум тасымалдаған КамАЗ жүк көлігінің кабинасы отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат pavlodarnews.kz сілтеме жасап.

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, 35 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген.

«Оның денесінің 40 пайызын күйік шалған. Қазір ер адам жансақтау бөлімінде жатыр», - дейді Эльмира Темірғалиева.  

Өңірлік ТЖД-ның ақпаратына сүйенсек, төтенше жағдай «Астана-Павлодар» автобаны құрылысы учаскесінде орын алған. Жалын сегіз шаршы метрді шарпыған.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға бір автоцистерна мен мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан төрт адам жұмылдырылды», - деді ведомство қызметкері Марал Сағынаева.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. 

Соңғы жаңалықтар