«Астана-Павлодар» жолында ер адам көлігімен бірге өртеніп кетті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданы арқылы өтетін "Астана-Павлодар" тасжолының 197 шақырымында «Ваз-2121» және «Лада-КS 015-026-40» автокөліктері өзара соқтығысып, бір адам мерт болып, бір адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

Оқиға кеше кешкі сағат 17:38 минут шамасында орын алған. Екі көліктің қатты соқтығысуынан «Ваз-2121» көлігінің жүргізуші А.Трубчаников сол жерде көз жұмып, көлігі өрттеніп кетті. Ал «Лада-КS 015-026-40» көлігінің жүргізушісі 1991 жылғы Б.Орехов түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар