Астана - Павлодар бағытындағы электр пойызы 6 жылқыны қағып кетті

None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысы аумағында Астана - Павлодар бағытындағы №8502 электр пойызы теміржол бойында жайылып жүрген 6 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 29 қыркүйекте сағат 20:26 шамасында Қоржынкөл және Өленті теміржол аралығының 177-шақырымында болды.

«Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері анықтағандай, «Астана - Павлодар» бағытындағы №8502 электр пойызы қозғалыс кезінде жол бойында жайылып жүрген 6 жылқыны қағып кетті. Соның салдарынан пойыз 2 сағат 47 минутқа жолдан кешікті. Жол-көлік оқиғасы кезінде электр пойызында 92 жолаушы және 32 персонал болды. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде мал иесі анықталып жатыр», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, Ақмола облысында екі көлік соқтығысып, үш адам тірідей жанып кетті.


Соңғы жаңалықтар