«Астана-Париж-Астана» бағытындағы рейс 2015 жылдың 29 наурызында ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы Астанадан Парижге қатынайтын жаңа рейстің ашылуы туралы қуанышты хабар таратуда. Бұл туралы әуе компаниясының Facebook-тегі парақшасында хабарланды.

«Астана-Париж-Астана» бағытындағы рейстер 2015 жылдың 29 наурызынан бастап аптасына үш рет - сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері «Боинг-757» жайлы әуе кемесімен орындалады», - делінеді таратылған ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар