«Астана» өз алаңында «Динамодан» жеңіліп жатыр

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» өз алаңында УЕФА Чемпиондар лигасына іріктеу кезеңінің 3-раунды аясында Хорватияның «Динамо» (Загреб) командасымен ойнап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын басында алаң орталығын иемдену үшін кескілескен күрес жүрді. «Астана» өз жанкүйерлерінің көз алдында бірінші нөмірмен ойнауға ұмтылғанмен, загребтік команда мықты қарсылас деген мәртебесін текке арқалап жүрмегенін көрсетті. Кездесу алдындағы шолуымызда хорват клубының Еуропа клубтарының басты турниріне осымен он жетінші рет қатысып отырғанын, құрамы да осал емес екенін айтқан болатынбыз.

Сондықтан командалардың кішігірім қателігі де қауіпті шабуыл ұйымдастыруға әкеп соқтырды. Оның үстіне бірінші таймда қонақтар біршама мазмұнды ойнап, кейде сәтті комбинациялар жасап жүрді. Абырой болғанда біздің жігіттер қорғаныста сауатты ойнап, қауіпті шабуылдардың бетін қайтарып жүрді. Бірақ, өкінішке қарай 39-минутта «Астананың» қорғаныс шебінің сол қапталындағы қателіктен кейін загребтіктер есеп ашты. Д. Ольмо Дмитрий Шомконы айналып өтіп, тоғызыншы нөмірдегі Марио Будимирге тамаша пас беріп, қақпашымен бірге-бір шығарды. Өткір шабуыл өтінде әбден ысылған Марио мүмкіндікті мүлт жібермеді.

Есепті теңестіру үшін елордалық ұжым бар күшімен шабуылдады. Бірақ 1-таймда оның үдесінен шыға алған жоқ.

Фото: www.fcastana.kz

Соңғы жаңалықтар