Астана-Өскемен жаңа жүрдек бағдарының алғашқы жолаушыларына смартфондар сыйға тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылдың 14 желтоқсанында Астана стансасының перронынан, ал 15 желтоқсан күні - Защита стансасынан (Өскемен қаласы) «Астана-Өскемен» (Защита) бағытымен жүретін №68/67 жаңа жүрдек жолаушылар пойызы сапарға аттанды.

«Тұлпар-Тальго» вагондарынан құрылған жаңа пойыз аптасына үш рет қатынайды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен.

Жаңа пойызды аттандыру және қарсы алу шараларына теміржол саласында еңбегі сіңген ардагерлер, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің өкілдері, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның басшылығы қатысты.

Пойыздың алғашқы екі жолаушысына «Жолаушылар тасымалы» АҚ атынан смартфондар сыйға тартылды. Жолаушы Т.Балтабекова Семейге билетті касса арқылы сатып алса, А.Сәлімбетова Өскеменге бару үшін ғаламтор арқылы тапсырыс берген.

Жаңа пойыз 23 вагоннан тұрады, соның 19-ы «Турист», біреуі - мейрамхана вагоны, тағы біреуі -вагон-бар және екі техникалық вагон.

Пойыз Ерейментау, Екібастұз-1, Павлодар, Ақсу-2, Дегелең, Семей, Шар стансаларына тоқтайды. Өскеменге дейін баратын жол 16 cағат, 50 минутты, қайтар жол - 16 cағат, 45 минутты құрайды.

Соңғы жаңалықтар