Астана орталығында жаяу жүргіншіні қағып кеткен мотоциклші мерт болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана орталығындағы реттелетін жаяу жүргіншілер жолының бірінде «Хонда» мотоциклінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетіп, қарсы жолақтағы «Мерседес», «Хендэ» автокөліктерімен соқтығысты, деп хабарлайды Астана ІІД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен жаяу жүргінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Ауыр жарақат алған 27 жастағы мотоцикл жүргізушісі ауруханада көз жұмды. 22 жастағы қыз (жаяу жүргінші) медициналық мекемеге жатқызылды.

30 шілде күні шамамен 18:00-де Тұран даңғылында болған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Астана ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар