Астана орталығында Mercedes түгі қалмай жанып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың Asia Park сауда ойын-сауық орталығы жанында Mercedes-Benz көлігі жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің  ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

«Астана қаласы ТЖД-ға 4 қаңтар күні сағат 23:22 Қабанбай батыр даңғылы бойындағы сауда ойын сауық орталығының жанында Mercedes-Benz E 320 маркалы көліктің жанып жатқандығы туралы ақпарат келіп түсті. Өрт сағат 23:31-де сөндірілді. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ», - деді Руслан Иманқұлов.

Көлік өртін сөндіруге елорданың ТЖ қызметінің 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар