«Астана операсының» әлемдік туындысы Алматыда көрсетіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда классикалық өнер мерекесі басталды. Сүндет Байғожин, Майра Мұхаметқызы сынды әлемдік деңгейдегі әртістерді бастап келген «Астана Опера» театры еліміздің мәдени астанасында бір апта бойы репертуарындағы ең үздік қойылымдарын ұсынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында астаналық әртістер 10-18 ақпан күндері өнер көрсетеді. Гастрольдік сапар «Абай» операсымен басталады. Қойылым 10-11 ақпан күндері өтеді. Бүгін Қазақстан және Италияның өнер қайраткерлері дайындаған спектакльдің қорытынды дайындығы журналистерге көрсетілді.

««Абай» операсының музыкалық жетекшісі әрі дирижері - Алан Бөрібаев. Қоюшы режиссері италиялық танымал режиссер - Джанкарло дель Монако, режиссердің кеңесшісі - профессор Есмұхан Обаев, бас хормейстр - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Дәуітов. Ал операның көркемдік безендірілуін атақты сценограф  Эцио Фриджерио әзірлесе, операның костюмдер бойынша суретшісі - «Оскар» сыйлығының иегері Франкуа Скуарчапино.

«Абай» операсында Басты партияны Сүндет Байғожин мен Жанат Шыбықбаев орындайды. Айдар рөлінде - Мейір Байнеш пен Нұрлан Бекмұхамбетов, Ажар рөлін - Майра Мұхамедқызы мен Салтанат Ахметова ойнайды. Көкпай партиясын баритон Ержан Саипов алғаш рет орындайды. «Абай» операсы арқылы біздің театрдың әлеуетін көруге болады», - деді журналистермен өткен кездесуде «Астана Опера» МОБТ директорының бірінші орынбасары, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Төлеубек Әлпиев.   

null     

Спектакльдің қоюшы дирижері, Ахмет Жұбановтың шөбересі, атақты маэстро Алан Бөрібаев тарихи «Абай» операсына әркім өз жаңалығын енгізетінін, бұл жолы көрермен Сүндет Байғожиннің шеберлігіне куә болатынын айтты. 

Абай образы - киелі. Оған жеңіл-желпі қарай алмайсың. Абай - біздің ұлтымыздың «Мені». Қазақстан өнерінің паспорты. «Абай» операсы тұсауы 1944 жылы осы театрда кесілген. Содан бері «Абай» операсы қаншама рет жаңғырды. «Абайға» әркім өз жаңалығын енгізеді. Бұл жолы сіздер Абайдың алтын кітапханасын, Абай әлеміне жаңа заман технологиясы арқылы тереңірек үңілесіздер. Бұл жолы Сүндет Байғожиннің «Абайын» көресіздер. Опера кино емес көретін, оны көріп қана қоймай, тыңдай да білу керек», - деді Алан Бөрібев.
null 

«Абай» операсында басты партияны орындайтын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин осы сапар үшін Римге бармай қалғанын айтты.

«Жалпы, қазақ операсы осы «Абай» атындағы опера және балет театрында басталған. Барлық орындаушылар, дирижерлар, кәсіби мамандар, өнер қайраткерлері шығармашылық өмірін осында бастады.  «Абай» партиясын осында ойнайтыныма қуаныштымын. Қазір мен Римде болуым керек еді, «Дон Жуан» операсына дайындалуым қажет еді. Бірақ, мен «Абайды» Алматыда қоятын болғасын, сапарымды наурызға шегердім», - деген Сүндет Байғожин «Абай» операсы Алан Бөрібаевтың арқасында неміс тілінде де сөйлегенін айта кетті.
null 

«2012-2013 жылдары «Абай» операсын Германияда қойдық. 2013  Дж. Верди мен Р. Вагнердің 200 жылдығына орай қойылған барлық спектакльдер ішінде «Абай» операсы үздік қойылым деп танылды», - деді Алан Бөрібаев.

«Астана опера» театры гастрольдік сапары аясында «Абай» операсынан басқа 14 ақпан күні 20-ғасырдың атақты хореографы Кеннет Макмиланның «Манон» балетін, 17-18 ақпанда Морис Жаррдың музыкасына жазылған Ролан Петидің «Париж Құдай анасының соборы» балет спектаклін ұсынбақ.
null null 

«Айта кетейік, бұл екі хореографиялық туынды Ресейдің халық әртісі «Астана опера» балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың арқасында тетардың репертуарына енді. Алтынай Асылмұратова басты Манон партиясын бернеше рет әлемдік сахналарда билеп, балетмейстер Кеннет Макмиллан пен Ролан Петидің өзімен жұмыс істеген», - деді Төлеубек Әлпиев.
null null 

Еске сала кетейік, 2013 жылы жұмысын бастаған, бүгінде әлемге танылған «Астана опера» театры алғашқы гастрольдік сапарын 2014 жылы Алматыдан бастаған болатын. 4 жылдан кейін тарихи сахнаға оралып, отырған астаналық театрдың қойылымдарына барлық билет сатылып кетті.

null 

Соңғы жаңалықтар