Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 359.00 EUR 420.10
RUB 5.41 CNY 52.38
Жаңалықтар

«Астана Операда» романс кеші өткізіледі

2018 жылғы 16 қыркүйек 05:24 272
Бөлісіңіз:
«Астана Операда» романс кеші өткізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 19 қыркүйекте «Романс сиқыры» топтамасы аясында Камералық залда өтетін «Жүректен шыққан үн» концертінде «Астана Опера» театрының опера солистері мен оркестр әртістері өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Астана Опера» театрында әлемге танымал музыканттар өнер көрсетеді Әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклі қазақ тілінде қойылады

Осынау жанрды сүйіп тыңдаушылар үшін атақты композиторлардың танымал романстары мен әндері, аспаптық жауһар туындылары әзірленген.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (сопрано) Айгүл Ниязова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (меццо-сопрано) Дина Хамзина, Елена Ганжа (сопрано), Рамзат Балакишиев (тенор), Болат Есімханов (бас), Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (скрипка) Мақпал Бекмағамбетова, халықаралық байқаулардың лауреаты (виолончель) Асқар Мұқанов қатысады. Фортепиано партиясында - халықаралық байқаулардың лауреаты Раушан Бескемпірова.

«Бұл музыкалық топтаманың концерттерін елордалық тыңдарман жақсы көреді. Кеш бағдарламасына көне романстар, сонымен қатар М.И.Глинка, П.И.Чайковский, Н.А.Римский-Корсаков сынды орыс композиторларының романстары енді. «Күміс ғасыры» ақындарының өлеңдерінен шабыттанған керемет сазды әуендердің үйлесімі кештің поэтикалық көңіл-күйіне арқау болмақ. Әрине, концерттің басты тақырыбы - «махаббат», дегенмен бағдарламаға жылдың ең көрікті мезгілі - күзге арналған романстарда енген. Вокалдық музыкадан бөлек, аспаптық әуендер де шырқалады. Виолончелист Асқар Мұқанов пен скрипкашы Мақпал Бекмағамбетованың интерпретациясында танымал әрі сирек орындалатын туындылар тыңдарманға жол тартады», - деді концерттің авторы Раушан Бескемпірова.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері сопрано Айгүл Ниязова концерт бағдарламасының тыңдармандармен сырлы сұхбат құруға жағдай жасайтынын атап өтті.

«Дайындық барысында Рамзат Балакишиев екеуміз дауыстарымыздың керемет үйлесетінін аңғардық, бұл ансамбльде орындау кезінде аса маңызды. Біз А.Е.Варламовтың «Горные вершины», С.И.Танеевтың «Как нежишь ты, серебряная ночь» сынды лирикалық дуэттерді орындаймыз, сондай-ақ А.С.Даргомыжскийдің әзілге толы «Ванька - Танька» дуэті де шырқалады. Бұл актерлік шеберлікті талап етеді, бірақ тыңдаушы қауымның көңілінен шығады деп сенеміз. Бұдан өзге, көптеген жаңа туындылар орын алады, себебі, біз, әртістер, камералық орындаушылықта өсіп-өркендегіміз келеді әрі тыңдаушыларымызға жаңа шығармалармен танысу өте қызықты болары сөзсіз», - деп қорытындылады Айгүл Ниязова.

 

 

 


Басты сөздер: Астана, Мәдениет, Өнер,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат