«Астана Операда» Рахманиновтың туындылары шырқалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Музыкалық кешті өнер сүйер қауымға Қазақстан Республикасының «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосы сыйлайды, деп хабарлайды «Астана-Опера» театрының баспасөз қызметі.

Концерттік бағдарлама барысында тыңдарман назарына көрнекті композитор, пианист әрі дирижер Сергей Рахманиновтың камералық-аспаптық және вокалдық туындылары ұсынылмақ. «FORTE-TRIO» триосы «Здесь хорошо», «У моего окна», «Они отвечали», «Как мне больно», «Покинем, милая», «Ночь печальна», «В молчаньи ночи тайной», «Я жду тебя», «Дитя! Как цветок ты прекрасна», «Алеко» операсынан Алеконың каватинасы сияқты танымал шығармаларды орындайтын болады. null

Сондай-ақ, бұл кеште «Астана Опера» Камералық залы сахна төріне ұжым қонақтары, шақырылған солистер - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов (баритон), халықаралық байқаулардың лауреаты Жұмабек Қаңтарбаев (тенор) өнер көрсетеді деп күтілуде.

«FORTE-TRIO шақырады» топтамасының концерті 18 қаңтарда «Астана Опера» Камералық залында өтеді. Басталуы сағат 19:00-де.

Соңғы жаңалықтар