«Астана Операда» Елбасының сүйікті әндері шырқалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат - Елордадағы «Астана Опера» театрында «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты мерекелік концерті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі мерекелік концерт 3 бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде, классикалық шығармалар орындалды, екінші бөлімде түрлі ұлт өкілдерінің әндері шырқалды. Және үшінші бөлімде Елбасының сүйікті әндеріне кезек бердік. Кештің басты ерекшелігі сол, мұнда тек опералық шығармалар ғана емес, басқа да жанрларда ән салынды. Яғни көрермендердің талғамына қарай, ең үздік деген шығармаларды таңдап алдық», - деді «Астана Опера» театрының бас концертмейстері Елена Сахно.

Оның айтуынша, мерекелік концертке театр әртістері бір ай бойы дайындалған.

«Бүгінгі мерекенің мен үшін орны бөлек. Себебі, Елбасымыз тек саясатпен ғана айналысып қоймай, өнерге де ерекше назар аударады. Ал концертке келсек, жеке өзім 2 ән орындадым. Екеуі де туған жерге арналған. Біреуі «Туған жер», ал екіншісі «Туған елге» деп аталады. Одан бөлек, әріптестеріммен бірге, орыс және татар әндерін айттық», - дейді Қазақстанға еңбегі сіңген қайраткер, опера әртісі Дина Хамзина.

Соңғы жаңалықтар