«Астана Опера» театрында әлемге танымал музыканттар өнер көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Өнердің жарық жұлдыздары» концертінің бағдарламасы «Астана Опера» симфониялық оркестрінің керемет өнер көрсетуімен өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.

16 қыркүйек күні «Астана Опера» Үлкен залының сахнасына есімдері әлемге кеңінен танымал музыканттар: виолончелист әрі дирижер, П.И.Чайковский атындағы халықаралық байқаудың бірінші сыйлық (алтын медаль) лауреаты Давид Герингас; С.Кнушевицкий атындағы Халықаралық байқаудың І сыйлық лауреаты Дали Гуцериева (виолончель) және Пласидо Домингоның «Опералия» халықаралық вокалистер байқауының І сыйлық лауреаты Екатерина Лехина (сопрано) шығады. Сонымен қатар «Орындаушылық өнердің жарық жұлдыздары» концертінің бағдарламасы «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің керемет өнер көрсетуімен өтеді. Тыңдарман назарына Франц фон Зуппенің «Ақын және шаруа» увертюрасы, Константин Боярскийдің виолончель, сопрано және симфониялық оркестрге арналған концерт-сюитасы ұсынылады.

Бұдан бөлек, Макс Брухтың виолончель мен оркестрге арналған Kol Nidreі туындысы орындалып, кеш Феликс Мендельсонның «итальяндық» №4 симфониясы, ля мажор, ор.90 шығармасымен шымылдығын жабады.

«Астана Опера» Симфониялық оркестріне маэстро Давид Герингас дирижерлік етеді, ол сондай-ақ Макс Брухтың Kol Nidreі туындысын орындап, виолончелист ретінде жеке өнер көрсететін болады.

Дали Гуцериевамен бірге Константин Боярскийдің дауыс, виолончель және оркестрге арналған сюитасын Үлкен театрдың солисі, 2007 жылы Пласидо Домингоның «Опералия» Халықаралық жас вокалистер байқауының І сыйлық лауреаты атанған әнші-сопрано Екатерина Лехина орындайды. 

Соңғы жаңалықтар