«Астана Опера» театры елорданың 15 жылдығына арналған теңдессіз тарту - Мемлекет басшысы

None
None
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры елордамыздың 15 жылдығына арналған теңдессіз тарту.

Бүгін елордада «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының ашылуы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Бүгін біздің мәдени өміріміздің көптен күткен қуанышты сәті. Біз елордамызды әлемдік деңгейдегі «Астана Опера» музыкалық-классикалық опера театрын ашып отырмыз. Сонымен қатар, енді санаулы күннен соң біз көркем Астананың 15 жылдығын тойлайтын боламыз. Ендеше бұл ғимарат, осынау театр Астананың 15 жылдығына арналған теңдессіз тарту болмақ»,-деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы ең алдымен осы ғимаратты, ғажайып шедеврді салуға атсалысқан сәулеткерлер мен жұмысшыларға үлкен ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар