«Астана Опера» әлемдік опера өнерінің жылнамасына енетін болады - Н. Назарбаев

None
None
АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - «Астана Опера» бұл Орталық Азиядағы өнердің ең үлкен храмы. Бүгін елордада мемлекеттік опера және балет театрының ашылуы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Жаңа театр - бұл Орталық Азиядағы өнердің ең үлкен храмы. Бұл бүкіл Еуразия кеңістігінде соңғы бірнеше онжылдықта дүниеге келген бірден-бір ауқымды классикалық театр. Бұл әлемдегі техникалық жағынан ең жетілген театр болып табылады. Мамандар маған мұндағы аккустиканың мінсіз екендігін айтты. Ендеше бұл тарихи сәт әлемдік опера өнерінің жылнамасы мен тарихына енетін болады»,-деді Елбасы.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Астана Опера» теңдессіз ғимаратының Қазақстан тарихына әзірдің өзінде жазылғанын атап өтті. Бұдан бөлек Елбасы өткен жылдың желтоқсанындағы Тәуелсіздік күні қарсаңында осы ғаламат ғимаратта «Қазақстан - 2050 стратегиясы» жарияланғанына тоқталып, ол стратегияда мәдениет саласы біздің ұлтымыздың генетикалық коды ретінде айқындалғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар