Astana Open: Юлия Путинцева жартылай финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 160-орында тұрған ресейлік Анастасия Гасановамен кездесті.

Бірінші сетте Путинцева 6:3 есебімен басымдылық көрсетті.

Екіншісінде қарсыласы есе қайырды - 6:4.

Үшінші, шешуші партияда Юлия Путинцева Гасанованы тас-талқан етті - 6:0.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 2 эйс жасап, 18 брейк-пойнттың сегізін пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 4 брейктен аса алмады.

Ю.Путинцева финалға шығу үшін әлемнің 80-ракеткасы, тағы бір ресейлік Анастасия Потапова немесе одан алты сатыға төмен тұрған швециялық Ребекка Петерсонның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан Елена Рыбакинаның Чикаго турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Ал Анна Данилина жұптық сында Астана жарысында жартылай финалға шыға алмады.



Соңғы жаңалықтар