+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Astana Open турнирінің чемпиондары анықталды

2021 жылғы 26 қыркүйек 16:36
Бөлісіңіз:
Astana Open турнирінің чемпиондары анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Astana Open ATP 250 турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық теннисшілер Мәскеуде Кремль кубогында бақ сынайды Қазақстандық жас теннисші халықаралық турнирдің финалында ойнайды Теннис: Елена Рыбакина жұптық сында Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалына шықты

Жекелей сында финалда әлемнің 65-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Дакворт пен дүниежүзілік рейтингте 82-орында тұрған оңтүстіккореялық Квон Су Ву бас жүлдені сарапқа салды.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта оңтүстіккореялық теннисші қарсыласын 7:6 (8:6), 6:3 есебімен ұтты.

Өз спорттық жолында айтулы табысына қол жеткізген Квон Сун Ву бәсеке барысында 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнтттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 10 эйс жасағанымен, 1 брейкпен шектелді.

Жұптық сында жарыстың 1-ракеткалары, мексикалық Сантьяго Гонсалес пен аргентиналық Андреас Мольтени жеңімпаз атанды. Олар соңғы бәсекеде Израиль өкілі Йонатан Эрлих пен белоруссиялық Андрей Василевскийді 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open жарысында Александр Бубликтің финалға шыға алмағанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT