+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Astana Open: Тимофей Скатов ширек финалға өте алмады

2021 жылғы 22 қыркүйек 17:12
Бөлісіңіз:
Astana Open: Тимофей Скатов ширек финалға өте алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Тимофей Скатов Astana Open ATP 250 турнирінің ширек финалына өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда таеквондодан Қазақстан кубогы өтеді Конькимен жүгіруден әлем кубогы: Евгений Кошкин ел рекордын жаңартты Гандболдан әлем чемпионаты: Қазақстан қыздары Румынияға есе жіберді

Дүниежүзілік рейтингте 280-орында тұрған 20 жастағы Т.Скатов екінші айналымда әлемнің 52-ракеткасы, Беларусь өкілі Илья Ивашкамен шеберлік байқасты.

Бұл кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды.

Беларусь спортшысы 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

И.Ивашка 6 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді. Скатов 2 брейктен аса алмады.

Ивашка жартылай финалға шығу үшін осы жарыстың 1-ракеткасы, ресейлік Аслан Карацев немесе фин Эмил Руусувуоридің біреуімен таласады.

Астана додасы одан әрі жалғасуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open турнирінде Андрей Голубев пен Александр Недовесовтің ширек финалға шыққанын , Юлия Путинцеваның Острава жарысын жеңіспен бастағанын , сондай-ақ Елена Рыбакинаның екінші айналымға өткенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT