+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Astana Open: Евсеев іріктеу сайыстарынан өте алмады

2020 жылғы 25 қазан 15:48
Бөлісіңіз:
Astana Open: Евсеев іріктеу сайыстарынан өте алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Денис Евсеев Astana Open ATP 250 турнирінің іріктеу сайыстарынан өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рейтингте 372-орында тұрған Д.Евсеев әлемнің 117-ракеткасы, аустралиялық Марк Полманспен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда М.Полманс 4:2 есебімен алға кетті. Бұдан кейін Д.Евсеев қатарынан үш геймді алды – 5:4. Бірақ сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Дегенмен тағы бір брейк жасап, партияны өз есебіне жазды – 7:5.

Екінші сет аустралиялық теннисшінің басымдылығымен өтті – 6:3. Үшінші, шешуші партияда ол қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ – 6:0.

Бәсеке 1 сағат 43 минутқа созылды.

М.Полманс әлемнің 101-ракеткасы, жапониялық Юити Сугита немесе рейтингте 149-орында тұрған мысырлық Мохамед Сафваттың біреуімен негізгі турнирге берілетін жолдама үшін таласады.

Осылайша іріктеу сайыстары қазақстандықтар үшін сәтсіз аяқталды. Енді бар үміт негізгі турнирде өнер көрсететін Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко және 19 жастағы Тимофей Скатовта.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Astana Open турниріндегі қарсыластары белгілі болғанын, А.Недовесовтің жеңіліп қалғанын жазған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT