+7 (701) 759 90 19
USD 425.37 EUR 492.66
RUB 5.97 CNY 66.15
Jańalyqtar

Astana Open: Дмитрий Попко өткен жылғы чемпионға жол берді

2021 жылғы 21 қыркүйек 21:15
Бөлісіңіз:
Astana Open: Дмитрий Попко өткен жылғы чемпионға жол берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Дмитрий Попко Astana Open ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» беларусьтік «Динамоға» есе жіберді Триатлоннан 2022 жылғы Әлем чемпионаты өтетін қалалар анықталды Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» Беларусьтың «Динамосымен» кездеседі

Дүниежүзілік рейтингте 188-орында тұрған Д.Попко алғашқы айналымда әлемнің 48-ракеткасы, осы жарыстың өткен жылғы чемпионы, аустралиялық Джон Миллманмен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші матчты қос брейкпен сәтті бастады - 6:3.

Алайда осыдан кейін Д.Миллман ойын тізгінін өз қолына алып, 6:1, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта Попко 3 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 4 эйс, 5 брейкке (6 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Д.Миллман екінші айналымда әлемнің 71-ракеткасы, испаниялық Хауме Муньярмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың тәжірибелі теннисшіні жеңіп, екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT