Astana Open АТР 500 турнирінде өнер көрсеткім келеді – Бейбіт Жукаев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Astana Open АТР 500 турнирінде өнер көрсеткім келеді. Бұл туралы қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі кезде елордадағы «Дәулет» теннис орталығында өтіп жатқан ел чемпионатында үздік шықса, Астана жарысының іріктеу сайыстарына жолдама алады.

«Біріншілік мен үшін сәтті өтуде. Алғашқы екі ойынға онша күш жұмсаған жоқпын. Енді ширек финалда ұтсам, ар жағында екі-ақ кездесу қалады. Қазақстан чемпионына алтын медальға қоса ақшалай сыйақы, сондай-ақ елімізде алғаш рет өткелі отырған Astana Open АТР 500 додасының іріктеу сайыстарына жолдама беріледі. Әрине, мұндай жоғары деңгейдегі теннис тойының өтуі – үлкен мәртебе. Жанкүйерлер, әсіресе, балалар Новак Джокович, Карлос Алькарас, Даниил Медведев, Стефанос Циципас, Андрей Рублев, Янник Синнер сынды атақты ойыншылардың өнерін жақыннан тамашалайды. Мен бұрын АТР 500 немесе 250 жарыстарына қатысып көрмеген едім. Сондықтан бұдан тыс қалмауға бар күшімді саламын», - деді 21 жастағы Б.Жукаев.

Ақтау теннис мектебінің түлегі челленджер турнирлерінде биыл тым-тәуір нәтиже көрсетіп жүр. Ыстамбұлда ширек финалға дейін жетсе, елордада Presidents Cup және Таиландта жартылай финалда ойнады. 2021 жылды әлемдік рейтингте 717-орынмен аяқтаса, қазіргі кезде 326-сатыда тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшінің Лиссабон турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілер Болгариядағы жарыстың ширек финалына шықты .

Қазақстандық теннисші Италиядағы турнирдің ширек финалына өтті.






Фото: ktf.kz



Соңғы жаңалықтар