Astana Open ATP 500 турнирі: Александр Бублик ширек финалға шыға алмады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Astana Open ATP 500 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 10-ыншы, осы жарыстың 7-ракеткасы, Польша өкілі Хуберт Хуркачпен ойнады.

Бірінші партия басында Х.Хуркач брейкпен алға кетті. Содан кейін басымдылығын сақтап қалды – 6:4.

Екінші сетте де Хуберт брейкпен алға шықты. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 7 эйс, 3 брейкпен (13 брейк-пойнт) көзге түсті.

Осылайша, Астана додасында Қазақстаннан ешкім қалмады.

Х.Хуркач жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципаспен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Чехиядағы турнирдің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина жекелей сында Чехиядағы турнирдің ширек финалына шықты.



Фото:sports.kz



Соңғы жаңалықтар