+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Astana Open: Анна Данилина тартысты матчта есе жіберді

2021 жылғы 28 қыркүйек 16:03
Бөлісіңіз:
Astana Open: Анна Данилина тартысты матчта есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Анна Данилина Astana Open WTA 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Қайрат» сырт алаңда «Ақтөбені» жеңді 2021-2022 маусымындағы футзалдан ҚР чемпионатының күнтізбесі жарияланды Дене шынықтыру мұғалімдеріне секция жұмыстары үшін қосымша ақы төленетін болды

Дүниежүзілік рейтингте 287-орында тұрған қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 62-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, франциялық Кристина Младеновичпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Младенович басымдылық танытты - 6:4.

Екіншісінде Данилина тай-брейкте сәттірек ойнады - 7:6 (7:5).

Үшінші, шешуші партияда жеңіс франциялық спортшының қанжығасында кетті - 6:4.

Үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта Данилина 2 эйс жасап, 16 брейк-пойнтттың тоғызын пайдаланды. Қарсыласы 11 брейкке (16 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Осылайша А.Данилина жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды. Дегенмен ол жұптық сында доданы жалғастырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Astana Open турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT