+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Astana Open: Александр Бублик ширек финалға шықты

2021 жылғы 23 қыркүйек 20:32
Бөлісіңіз:
Astana Open: Александр Бублик ширек финалға шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Astana Open ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Александр Бублик әлемдік рейтингіде 35-орынға көтерілді Теннис: Елена Рыбакина жұптық рейтингіде бірден 47 саты жоғары көтерілді Үстел теннисінен ҚР кубогінің жеңімпаздары анықталды

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик турнирді екінші айналымнан бастап, дүниежүзілік рейтингте 60-орында тұрған сербиялық Миомир Кецмановичпен кездесті.

Тартысты өткен матчта қазақстандық теннисші 2:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Екі сағатқа созылған бәсеке барысында А.Бублик 18 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 4 эйс, 2 (7 брейк-пойнт) брейкке қол жеткізді.

А.Бублик жартылай финалға шығу үшін Беларусь өкілі Егор Герасимов немесе испаниялық Карлос Табернердің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Острава турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT