Астана - Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіндік бір әлемі! - Ж.Ерғалиев

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астана - қасиетті қазақ жеріне жүрегіне сыйған тұтас әлемді өз елі мен халқына деген шексіз сүйіспеншілігінің белгісіндей етіп өз даласына қондырып,орнықтыра білген Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіндік бір әлемі!. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ж.Ерғалиевпен сұхбаттасқанымызда мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанды әлемнің өркениетті елдердің бәрі де қарқынды дамып келе жатқан ең озық мемлекеттердің бірі деп таниды.

"...Астанаға он алты жыл! Иә...он алты жыл! Апыр-ау, бұл не қылған он алты жыл?! Сенгің-ақ келмейді! Өйткені, көңілдегі де, көкейдегі де, көз алдымыздағы да Астана қаласы тап бір бұрыннан бар, мәңгілік тұрған қала болып жүрек түпкірінде құтты бір қуаныш болып жатқаны да бар!,...

Тәуелсіз ел болып құралған бір-екі он жылдықтың аралығында, дәл осы бір он алты жылда көк күмбезінің ұшар басында көк байрағы асқақ желбіреп тұрған дәл мынандай Ақордалы Астана салып алу мүмкін бе еді? Мүмкін болмаса да, қазақ елінің Елордасы, астанасы салынды! Әлемде қазақ елінің Астанасы бар! Сол бүгінгі Астана қаласы өзінің таңғажайып кескін келбетімен де, әрленген сәнімен де қазір дүние әлемін таңдандырып та, тамсандырып та отырғандығы ақиқат", дейді сенатор.

"Тәуелсіздіктің баянды тағдыры Нұрсұлтан Назарбаевтың тағдыры, ал Елбасының тағдыры тұтас бір халықтың, барша қазақстандықтардың тағдыры болып қалыптасты да, Мәңгілік елдің ірге тасын Назарбаев өзінің кемел ойымен, ақыл мен сана түйсігіндегі көрегендігімен, тәуекелшіл ерлігімен тұрғызып бере алғандығын және де тұрғызып қана қоймай, сол Мәңгілік елдің Астанасы көрікті, іргесі берік, еңсесі биік, бірлігі мызғымас,ынтымағы арзымас, ырысы таусылмас,берекесі кетпес, ырыздығы ортаймас, дәулеті шайқалмас, әлем алдындағы жүзі жарқын, сөзі өтімді, айбыны асқақ болсын деген перзенттік те президенттік те адал ойымен бардан жоқты құрап дегендей бәрін де жасады, жасап та келе жатыр. Көңіл осылай дейді!", деп сөзін онан әрі жалғастырды Ж. Ерғалиев.

"Астана - қасиетті қазақ жеріне жүрегіне сыйған тұтас әлемді өз елі мен халқына деген шексіз сүйіспеншілігінің белгісіндей етіп өз даласына қондырып, орнықтыра білген Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіндік бір әлемі!", дейді сенатор.

Соңғы жаңалықтар