«Астана» - «МЮ» матчының билетіне 300 мың өтінім түскен

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана Аренада» 28 қараша күні болатын «Астана» - «Манчестер Юнайтед» ойынына футболсүйер қауым зор қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Британияның Daily Star таблоидының хабарлауынша, «Астана» плей-офқа шығу мүмкіндігінен айрылған болса да, тарихи матчты көргісі келетін жанкүйерлердің саны азаймаған. Елордалық клуб қызметкерлерінің мәлімдеуінше, «Астана Аренаға» 30 254 көрермен сыяды, ал ойынның билетіне 300 мыңнан астам өтінім келіп түскен.

«Бұрын-соңды бұлай болған емес. «Манчестер Юнайтед» — әлемдегі ең танымал клубтардың бірі. Олардың келуі «Астана» үшін мерекемен бірдей. Нұр-Сұлтанда бұған дейін де атышулы ойындар болды, бірақ дәл мынадай ауқымы кең матч өтпеген. Стадиондағы орындардан он есе көп өтінім келді», - деді клуб қызметкері Daily Star-ға берген сұхбатында.

Айта кетсек, KazFootball.kz сайтының «Manchester Evening News» басылымына сілтеме жасап хабарлауынша, манчестерліктердің құрамында дебют ойынын өткізуі мүмкін 10 жас футболшы бар. Олар: Дилан Левитт, Ларджи Рамазани, Итан Лейрд, Теден Менги, Дишон Бернард, Итан Галбрейт, Арнау Пуигмал, Матей Ковар және Д’Мани Бугейл-Меллор. Сондай-ақ биыл обыр ауруын жеңген 19 жастағы Макс Тейлор да бар.

«Манчестер Юнайтед» Қазақстанға мына құраммен келді:

Қақпашылар: Ли Грант, Матей Ковар;

Қорғаушылар: Люк Шоу, Макс Тейлор, Аксель Туанзебе, Теден Менги, Дишон Бернард, Итан Лейрд;

Жартылай қорғаушылар: Джесси Лингард, Дилан Левитт, Итан Галбрейт, Арнау Пуигмал, Джеймс Гарнер, Тахит Чонг, Эйнджел Гомес;

Шабуылшылар: Мейсон Гринвуд, Ларджи Рамазани, Д’Мани Бугейл-Меллор.

Фото: www.fcastana.kz

Соңғы жаңалықтар