Astana Motorsports Венгриядағы FIA әлем кубогында 5-орынға табан тіреді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Astana Motorsports Мажарстандағы FIA Әлем кубогының жетінші кезеңін бесінші орында аяқтады. Жарыстың екі күнінде қатысушылар 600 километрді артқа тастады.

Барлығы «Венгерская Баха 2014» додасына 77 команда, 35 жеңіл автокөлік, 5 жүккөлігі, 7 ашық авто, 30 мотоциклші мен квадроциклші қатысқан.

Қазақстан жарыста Т1 (жетілдірілген сериялы автомобильдер) бір MINI All4Racing экипажымен қатысты. Қазақстанның абыройын ұшқыш Айдын Рақымбаев пен Антон Николаев 218 нөмірде қорғады.

Екі күн ішінде 360 километрді бағындырған қатысушылар сенбі күні тартысқа толы жарыста өзін жақсы қырынан көрсете білді.

«Біз «Венгерская Баха» сайысына бірінші рет қатысып отырмыз. Көрсеткен нәтижемізге өте ризамыз. Жауынды-шашынды ауа райына қарамастан, Астана командасы үздік бестіктен көріне білді»,- деді штурман А.Николаев.

Соңғы жаңалықтар