«Астана» - «Мидтьюлланд» матчына 21 мыңнан астам билет сатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңі аясында «Астана» және Данияның «Мидтьюлланд» командалары арасындағы бүгінгі ойынға билеттер жылдам сатылып жатыр, деп хабарлады Sports.kz.

Еске сала кетейік, ойын бүгін, Астана уақытымен 20:00-де басталады, оны отандық телеарна тікелей эфирден көрсетеді.

«Астана Арена» стадионына 30 000 адам сыяды. Қазірге дейін 21 мыңнан астам билет сатылып үлгерген.

Ойынға Румыниядан келген қазылар төрелік етеді. Бас төреші - Раду Петреску, қапталдағы төрешілер - Раду Гингуляк пен Мирча Григориу, төртінші рефери - Марцел Бирсан.

Соңғы жаңалықтар