Астана мерекесіне қарсаңында елордадан Бурабайға және Павлодарға пойыздар қатынайды

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі тұрғындардың көптеген өтініштерін ескере отырып, Астана күнін тойлау қарсаңында Астанадан қатынайтын бағыттардың ішінде үлкен сұранысқа иелеріне жаңа теміржол құрамын шығару мәселесін шешті.

Атап айтқанда, 5 шілдеде Астана - Бурабай курорты бағытында жүрдек пойыз жолға шықпақ. ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас комитеті мамандары жаңа құрамның жолаушыларға жайлы, әрқайсысы 56 орындық 6 вагоннан құралғанын айтады. Пойыз аптасына үш рет: жұма, сенбі, жексенбі күндері қатынайды. Жүру уақыты - 3 сағат 55 минут. Астана қаласының вокзалынан кешкі сағат 21:10 минут өткенде жүріп кетеді.

Сондай-ақ, 2013 жылғы 8 шілдеден бастап Астана - Павлодар бағытындағы жаңа құрам да жолға шығады. Бүгінгі күні аталған бағыт бойынша аптасына 4 рет: бейсенбі, жұмы, сенбі және жексенбі күндері қатынайтын пойыз бар. Ал, жаңа жүрдек жолаушылар құрамы күн сайын қатынайтын болады және жолаушыларға барлық жағдай жасалған 6 вагонмен жабдықталған. Астана қаласының теміржол вокзалынан сағат 18:40-та жүріп кетеді, ал жолда жүру уақыты 6 сағат 28 минутты құрайды.

Соңғы жаңалықтар