Астана мерекесі қарсаңында Шымкентте пәтер кілттері тапсырылды

None
None
АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін «Астана күні» мерекесі қарсаңында Шымкент қаласының «Нұрсәт» шағынауданында №217 тұрғын үйдің пәтер кілттерін салтанатты тапсыру рәсімі болып өтті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мемлекеттік «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жергілікті атқарушы органда кезекте тұрған азаматтарға жаңа пәтердің кілтін облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов пен Шымкент қаласының әкімі Дархан Сатыбалды табыстап, жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтады. 63 пәтерлік үйге 7- ҰОС ардагері, 32-халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары, 23 бюджет саласының қызметкерлері, 1 - үйі апаттық деп танылған азаматтар кезекке сай пәтерлермен қамтамасыз етілді. «Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының мақсаты қазіргі кезеңде тұрғындар үшін көкейкесті болып отырған тұрғын үйдің қолжетімділігін шешуге қабілетті тұрғын үй құрылысы проблемасын кешенді түрде шешу болып отыр. Осыған орай, бағдарламаға сәйкес қала тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасап, өмір сүру сапасын арттыру мақсатында көптеген ауқымды істер атқарылуда. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін тұрғын үй кезегінде үстіміздегі жылдың 5 маусымына дейін 8658 азамат тіркелген. 2012 - 2013 жылдары 105 отбасы пәтермен қамтамасыз етілді», - делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар