«Астана - менің өмірімнің әуені» байқауының бас жүлдесін алматылық әнші жеңіп алды
2010 жылғы 13 мамыр 08:18

«Астана - менің өмірімнің әуені» байқауының бас жүлдесін алматылық әнші жеңіп алды

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Елордада «Астана - менің өмірімнің әуені» атті бірінші республикалық ауқымдағы ән байқауының гала-концерті өтті. Бірінші орынды алматылық жас әнші Еркін Мәулен еншілесе, 2-3-ші орындарды қарағандылық Гүлбану Серікова мен алматылық дуэт «Алтын-Арай» бөлісті.

Жүлделі орындар үшін Астана, Алматы, Қарағанды, Орал, Өскемен, Көкшетау, Қызылорда және Маңғыстаудан келген 19 орындаушы өз бақтарын сынады. Мамырдың 11-інде өткен іріктеу кезеңінде конкурсанттар Қазақстанның елордасы Астанаға арналған әндерін орындаған болатын. Ал екінші кезеңде олар өздерінің қалауы бойынша әзірлеп келген әндерін шырқады.

«Бүгінгі таңда Астана біздің жас орындаушылар мен композиторларымыз үшін арман қалаға айналып отыр. Олардың әрқайсысы үшін кәсіби әншілермен қатар елорда сахнасында өнер көрсету зор мәртебе», дейді қазылар алқасының төрағасы, ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева.

Байқауды ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, бас жүлдені иеленген әншінің кәсіби тұрғыдағы бейнебаянды түсіруге мүмкіндігі бар.

Алғаш тұсауы кесіліп отырған байқауды «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығы елорда әкімдігімен бірлесіп, ұйымдастырды.

Сондай-ақ... оқыңыз

Jańalyqtar

MURAǴAT