«Астана - менің арманым»- елорда «құрдасы»

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астананың «құрдасы» 16 жасар Дастан бүгінде Көкшетау қаласындағы №19 мектептің 11 сыныбында оқиды.

«Мен Астанамен «құрдаспын» деп мақтанамын» деген жас өрен алдағы уақытта білімін елордамызда шыңдағысы келетінін айтты.

"Астана - жас қала болғанымен оның тарихы тереңде. Кезінде талай хандардың жаз жайлауы болған мекен деседі. Бүгінде бұл киелі шаһар еліміздің жастары бас қосқан арман қалаға айналды. Астанаға әр барған сайын әсерленіп, көкірегімді қуаныш кернеп қайтамын. Мен де білімімді Астанада жалғастырсам деп армандаймын. Назарбаев Университеті мен зияткерлік мектептері шетелдің озық оқу орындарымен пара-пар десем еш қателеспеймін", - дейді Дастан Әнелұлан.

Соңғы жаңалықтар